Қазақстанда алкогольсіз сусындардың импорты 2,5 есеге артты

алкогольсіз
Фото: All.Biz

Алматы. 5 мамыр. 7kun.kz — 2018 жылдың қаңтар-ақпан аралығында Қазақстанда 16,4 млн литр шөлмекке құйылған су және алкогольсіз сусындар сатып алынды, деп хабарлайды LS.

Импорттық тауарлардың құны 9,2 млн АҚШ долларын құрады, ал физикалық тұрғыда жеткізілім 2,5 есе, ақшалай — 2,3 есе өсті.

Өнімнің басым бөлігі Ресейден жеткізілді (6,3 млн долларға 13,4 млн литр).

Қырғызстан Қазақстанға 323,6 мың долларға 1,2 млн литр, Белоруссия — 177,4 мың долларға 729,6 мың литр сусын жеткзді.

Бұдан басқа, Австрия осы өнімнің 419,3 мың литрін 1,3 млн долларға, Швейцария 602,3 мың долларға 187,5 мың литр, ал Грузия 127, 2 мың долларға 182,2 мың литр экспорттады.