Қазақстанда авторлық құқықты бұзған 7 сайт жабылған

Фото: caravan.kz

Қазақстанда өткен жылы авторлық құқықты бұзған 7 сайт жабылған.  Бұл туралы Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы жөніндегі департамент директоры Абзал Естаевмәлімдеді деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары ақпарат агенттігі.

«Өткен жылы бізге мәлімет берілді, шамамен 7 сайт авторлардың өтініштері бойынша жабылды. Олар Бас прокуратураға тікелей шағым түсірген және өткен жылы бізде инвестициялар және даму министрлігінде комитет бар болатын, ал қазір бұл жаңаақпарат және коммуникация министрлігі«, — деді Естаев.

Оның мәліметінше, қазіргі уақытта авторлық құқықты бұзған сайттар саны өзгермеген. «Алайда жартыжылдық қорытындысы бойынша көрсеткіш басқа болуы мүмкін, осының бәрі көптеген авторлар олардың құқықтары бұзылып жатқанын білмейтініне байланысты болып отыр», — деп қосты әділет министрлігінің өкілі.