«Қазақ туризм» компаниясы арқылы шетелден инвестор тартылады

ұлттық
Фото: Kapital.kz

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz — «Қазақ туризм» ұлтық компаниясы елімізді туристік әлеуетін шетелде ілгерілетумен айналысатын болады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

«Өткен аптада Үкімет қаулысымен «Қазақ туризм» АҚ ұлттық компаниясын құрдық. Бұл акционерлік қоғамның бірінші міндеті шетелде туристік әлеуетімізді ілгерілету, екінші инвестиция тарту болмақ. Біз ұлттық компания арқылы туристік салаға инвесторлар тартқымыз келеді. Бұл шаруашылық субъектілерінің құрылуына түрткі болады. Қазіргі уақытта көптеген шетелдік инвесторлар Қазақстанның туристік саласына өз қаржыларын тартуға мүдделік танытып отыр. Өйткені, республикамыздың бірегей табиғи ландшафы бар. Еліміз қауіпсіз саналады. Жалпы, дамыған барлық елдерде мамандандырылған туристік компаниялар жұмыс істейді», — деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Оның айтуынша, алғашқы жылы аталған компания қызметкерлері мемлекеттік бюджет қаржысынан жалақы алады. Ал одан кейінгі жылдары компания өзін-өзі қаржылай қамтамасыз етуге көшеді.

«Туризмды дамыту саясаты географиялық жағынан Қазақстанды тұтас қамтитын қажетті инфрақұрылымы бар 6 өңірлік мәдени-туристік кластерлерді құруға бағытталған. Өздеріңіз де білетіндей, бұл: «Астана — Мәдениеттердің геосаяси тоғысуы», «Алматы — Өркениеттер бесігі», «Шығыс Қазақстан — Алтай маржаны», «Батыс Қазақстан — Каспий қақпалары», «Оңтүстік Қазақстан — Ұлы Жібек жолының жаңғыруы», «Соолтүстік Қазақстан — Табиғат пен көшпенді мәдениеттің тұтастығы». Өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, сакралды, экологиялық, аңшылық-олжалық, мәдени-танымдық, медициналық, спорттық сияқты өзге де Қазақстан үшін жаңа туризмнің түрлерін дамытуға баса  назар аударылады», — деді министр.

Дереккөз: inform.kz