Қазақстанда азық-түлік пен сусын өндіру көлемі артты

азық

Алматы. 30 наурыз. 7kun.kz — 2018 жылы қаңтар-ақпан аралығында Қазақстанда 241,1 млрд теңгеге азық-түлік өнімдері өндірілді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға артық, деп хабарлады LS.

Ет өнімдері мен консервілер 2 айда 34,6 млрд теңгеге (11,2 пайызға), балық консервілері 4 млрд теңгеге (өсім 44,1 пайыз), жемістер мен көкөністер консервілері 11, 4 млрд теңгеге (10 пайыз өсім) өсті.

Сонымен қатар, отандық кәсіпорындар тарапынан 21,5 млрд теңгеге өсімдік майы (21,6 пайыз) өндірілді. Сүт өнімдеріне 38,3 млрд теңге (өсім 6,7 пайыз), ұн және крахмалға 53, 1 млрд теңге (21,1 пайыз), нан өнімдеріне 33 млрд теңге (15,3 пайыз) және мал азығына 8,3 млрд теңге кетті.

Ал, сусындар өндірісі 42,7 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 10,7 пайызға жоғары.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!