Қазақстанда банктердің депозит көлемі бір жылда 12,3 пайызға артты

банктердің
Фото: kapital.kz

Алматы. 19 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда банктердің депозит көлемі 2017 жылдың тамызында 8 трлн теңгені құрады.  Бұл шілдеге қарағанда 1,2%-ға көп. Ал 2016 жылдан 12,3% артық деп хабарлайды ranking.kz.

Халықтың шұғыл және шартты салымдары (ұзақ мерзімді салымдар) өскені байқалады. Яғни 7,3 триллион теңге, бір айда 1,5%-ға және бір жылда 11,4%-ға көбейген.

Депозиттердің  ұлттық валютадағы көлемі бір айда 2,9%-ға (2,9 трлн теңгеге дейін) азайған. Ал шетел валютасындағы депозиттер 4,6%-ға (шілдеде 4,4 трлн теңге) артқан.

Жыл сайын тамызда халық депозиттік шоттарынан қаражат алатыны байқалады. Мұны қыркүйекте оқу жылына дайындыққа кететін қаражатпен байланыстыруға болады. 2016 жылғы тамызда ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 0,9%, 2015 жылы — 2%, 2014 жылы — 6,5% төмендеген.