2016 жылдың шілдесінде үйлердің теңгедегі бағасы 3 пайызға арзандап, 2014 жылдың ортасындағы көрсеткішпен теңесті. Сатылатын үй саны арзандады. Сәйкесінше, бұл сатып алушылардың азайғанын білдіреді. Сондықтан көбі жалға беру нарығын көшіп жатыр. Бұл туралы forbes.kz сайты жазды.
Одан бөлек, 2016 жылдың маусымында нарықта қайтара сатылған үйлердің доллардағы бағасы біршама арзандады. Оның ішінде, Қарағандыда – 5,5 пайыз, Астанада – 4,4 пайызға, Алматыда 3,6 пайызға арзандаған.
2015 жылмен салыстырғанда доллардағы баға біршама арзандағанмен, теңгемен сатылатын баспана шаршы метрінің бағасы Астанада — 9%, Алматыда — 19% және Қарағандыда 21 пайызға қымбаттаған.
Халықтың табысы азайып, ипотекалық несие беру талаптары қиындай түскенімен, 2016 жылдың басынан бері сатып алу-сату артқан.
Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес, 2016 жылдың қаңтар – мамыр айларындағы сатып алу-сату ісі өткен жылдың осы уақытына қарағанда 70 717-ге көп, бұл – 12,3 пайызға өсті деген сөз.