Қазақстанда битум өндірісі қарқынды дамып келеді

битум
Фото: rahabitumen.com

Алматы. 27 желтоқсан. 7kun.kz – Қазіргі уақытта Қазақстанда тиімді көлік-логистикалық жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізіліп отыр. Соған байланысты битум өндірісі қарқынды дамып келеді.

Қазақстанда жол битумын өндіретін 4 негізгі зауыт жұмыс жасайды: «CaspiBitum» БК» ЖШС, «Павлодар мұнай-химиялық зауыты» ЖШС, «Газпромнефть-Битум Қазақстан» ЖШС және «Асфальтобетон 1» ЖШС. Олардың ең жоғары қуаттылығы жылына 1,2 млн тоннаны құрайды. Битум өндірісінде жұмыс істейтін адамдардың жалпы саны 373 адам.

2014 жылдан бастап, отандық зауыттармен ішкі нарықтың битумға деген қажеттілік толық қанағаттандырылып келеді. Ол бұрын ішінара импортталып отырған.
2014-2017 жыл аралығында ішкі нарықтың жол битумына деген қажеттілігі 400-500 мың тоннаны құрады. Ал 2018 жылдан бастап қажеттілік жылына 700 мың тоннаға дейін артады деген болжам бар.

Жедел деректер бойынша 2017 жылы отандық зауыттармен 713 мың тонна жол битумы өндірілді (2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 147 пайыз). Оның ішінде 40 мың тонна асфальтбетон зауыттарының жеке қажеттіліктеріне пайдаланылған.

Осылайша Инвестициялар және даму министрлігі 2017 жылға жол битумына деген қажеттілік 530 мың тонна көлемінде мәлімделгенімен, 2017 жылы ішкі нарыққа нақты 576 мың тонна жөнелтілді.

Нәтижесінде отандық өндірістің жол битумына деген ішкі нарықтың қажеттілігі толық қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар отандық өндірушілердің жол битумының сапасы «ҚазЖолҒЗИ» АҚ тәуелсіз зертханасының сынақтарымен расталғанын атап өту қажет.
2017 жылы 97 мың тонна битум экспортталды, ал тиісінше 2016 жылы 13,5 мың тонна және 2015 жылы 300 тонна экспортталған болатын.

Бұған қоса битумды бірқалыпты іріктеп алуды қамтамасыз ету мақсатында отандық өндірушілер битумды сұйық түрде шығарумен қатар, тасымалдау және сақтау үшін қолайлы буып-түйілген битум шығару бойынша жұмыстарды ұйымдастырды.
2017 жылғы қарашада «CaspiBitum» БК» ЖШС буып-түйілген битумның алғашқы сынама топтамасын Қытайға экспортқа жөнелтті.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі