Қазақстанда BMW сатылымы артты

BMW
Фото: carrrsmag.com

Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz — «Автоцентр-Бавария» орталығы өткен 4 айда MW, MINI және BMW Motorrad мотоциклдарының 150 данасын сатты. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 102 данаға артық. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Компанияның айтуынша, өсімнің артуы BMW-ның жаңа үлгілерінің пайда болуына байланысты. Ақпан айында сатылымға BMW-ның 5-ші сериясының жаңа үлгілері, сәуірде жаңа MINI Countryman сатылымға түскен.

Компания алдағы уақытта BMW-ның 1,2,3 сериясының жаңа үлгілерін, жаңа BMW X3-ті сатылымға шығармақ. 2016 жылы Автоцентр-Бавария BMW–ның 300 данасын сатып, соңғы 10 жылдағы рекордын жаңартты. Ал осы жылы 600 автокөлік сатуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, «Автоцентр-Бавария» автоорталығы 2002 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол көлік, бөлшектер сату мен қызмет көрсетумен айналысады. 2012 жылы компанияның Астаналық орталығы ашылған. 2017 жылдан бастап Қостанай, Орал, Атырау, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Павлодар қаласында филиалдары іске қосылады.