Қазақстанда дизель отыны қымбаттады

Фото: motor.kz

Астана. 9 тамыз. 7kun.kz — Бүгін Энергетика министрлігінің дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеуді шегеру туралы бұйрығы өз күшіне енді. Ал нарықтағы баға 107-108 теңге деңгейінде, деп хабарлайды LS.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» сайтында көрсетілгендей дизель отынының бір литрінің құны компанияның бөлшек желілерінде 108 теңгені құрады. Ал басқа жанар-жағармай бекеттеріндегі баға әртүрлі: Sinoil және Helios бекеттерінде – 107 теңге, ал Royal Petrol-да  – 110 теңге.

8 тамызға дейін Қазақстандағы дизель құны 99 теңге деңгейінде сақталған болатын.

Сондай-ақ, Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов дизель отынының бағасы қайта реттелгеннен кейін 115 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін екенін мәлімдеген. Оның сөзінше, мұндай деңгей ішкі нарықтағы солярканың жетіспеушілігіне жол бермейді және импорт пен қазақстандық баға теңеседі.

Айта кетейік, жанар-жағармай бағасын мемлекеттік реттеуді шегеру бөлшек желілерге байланысты. Ал ірі тұтынушылар үшін (Қазақстан темір жолы, Теу кен кешені) баға бұрынғыдай нарықтық шарт бойынша реттеледі.