Қазақстанда ескі көліктердің үлесі көбейіп барады

270

Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz – Қазақстандағы автокөліктердің үштен екі бөлігі ескірген. Көпшілігінің  қолданыс мерзімі 10 жылдан асып кеткен.

Бұлардың  автонарықтағы саны   1 жылда 3,5% немесе 2,4 млн-ға өсіп, елдегі автокөліктердің  61,5% құрады. Елдегі 16 аймақтың 14-інде ескі көліктер саны басым болып отыр.

Ескі көлігі ең көп өңір-Маңғыстау облысы. Мұнда соңғы 1 жылда ескі көлік саны 13,7% немесе 65,1 мыға өскен. Бұдан кейінгі Алматыда бір жылда ескі көлік үлесі 10,3% немесе 227,5 мыңға өскен. Астанада 7,4%-ға немесе  99,3 мыңға көбейген.

Ал Батыс Қазақстан облысында керісінше «жасы» 10 жылдан асқан ескі көлік үлесі  1%-ға немесе   57,4 мыңға азайған. Сондай-ақ Павлодар облысында 2,2%-ға немесе  112,1 мың данаға дейін азайғаны байқалады.