Қазақстанда инвесторлар мен шенеуніктер бір-бірімен тікелей байланыспайтын болады

359

Инвестициялар және даму министрлігі инвесторлар мен шенеуніктердің тікелей байланысуын толығымен жоймақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министрліктің инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров хабарлады.

«Осы жылы біз инвестициялық келісім-шарт жасасатын шетелдік инвестор үшін барлық рұқсат беруші құжаттарды ұсынуға дайынбыз. Яғни, бұл инвесторда өзінің мемлекеттік органына барып, осы құжаттарды алу қажеттілігі туындамайды, біз бұны оның орнына жасаймыз. Және 2016 жылдан бастап біз бұны барлық инвесторлар үшні жасамақпыз. Бұған қоса, біз мемлекеттік қызметкер мен инвестор арасындағы ешқандай байланыс болмауы үшін және құжаттарды онлайн алу мүмкіндігі болуы үшін egov алаңына шықпақпыз», — деп мәлімдеді Е.Қайыров.

Оның айтуынша, дүние жүзінде инвестициялардың төмендеу тенденциясы байқалып жатқанымен, Қазақстанда шетелдік инвестициялардың ағыны өсіп жатқанын айтты.

«Соңғы 5 жылда біз жыл сайын шамамен 20 млрд доллар шетелдік инвестиция жұмылдырып отырмыз. 2014 жылы бұл көрсеткіш 23,9 млрд долларды қамтыды. 2013 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда тек 100 млн долларға тең төмендеу байқалып отыр. Жалпы алғанда соңғы 10 жылда Қазақстан шамамен 208 млрд доллар инвестиция жұмылдырды. Негізгі инвестор елдердің бестігінде Нидерланд корольдігі, АҚШ, Швейцария, ҚХР, Франция», — деді ол.

Бұл ретте комитет төрағасы соңғы жылдары өндіруші секторға бағытталып отырған инвестициялар үлесі төмендегенмен, өңдеуші секторға бағытталып жатқан инвестициялар өсіп жатқанын жеткізді. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы өсім 48% болды.