Қазақстанда ішкі туризм 6 пайызға артқан

633

Алматы, Алакөл, Бұқтырма, Бурабай бұрынғыдай танымал бағыттар болып отыр. Бірінші жартыжылдықта өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 6% құрады. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады.

«Қазір 20 экономикалық дамыған елдер үшін визасыз режим жұмыс жасайды, негізінен олар біздің ірі инвесторларымыз. 2017 жылдың қаңтарынан бастап Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері мен 14 экономикалық дамыған және саяси тұрақты мемлекеттер үшін визасыз режим енгізіледі. Барлығы 48 мемлекет. Бұл Қазақстандағы елге келушілер туризміне жаңа серпін береді», — деді Ж. Қасымбек.

Министр айтқандай, соңғы екі-үш жылда Ресей, Германия, Нидерланды және Ұлыбританиядан келген туристер саны артып отыр.

«Ішкі туризмнің өсімі байқалып жатыр. Бірінші жартыжылдықта өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 6% құрады. Бұрынғыдай Бурабай, Алматы, Алакөл және Бұқтырма халық көп баратын негізгі бағыттар болып отыр. Осыған байланысты біз осы бағыттардағы инфрақұрылымдарды салу бойынша жоспарларды реттейміз. Қонақ үйлер саны артып келеді. Егер 10 жыл бұрын Қазақстанда барлығы 871 қонақ үй болса, бүгін олардың саны 2 445. Қызмет көрсетулер көлемі 2015 жылдың қорытындысы бойынша 73 млрд теңгені құрады», — деді Ж. Қасымбек.

https://7kun.kz/48666/