Қазақстанда машина құрастыру 4 есе өсті

Қазақстан
Фото: americanschoolofbusiness.com

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-маусымында құны 64,5 млрд теңге болатын  8,6 мың автокөлік шығарылды. Бұл туралы Қазақстанның автобизнес қауымдастығы хабарлады.

Статистика комитетінің мәліметінше, бұл көрсеткіш 2016 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 6,4 мыңға көп.

2017 жылдың маусымында шыққан машиналар 1,8 мыңға жетіп, 21,1 млрд теңгені құрады.

Қазақстанның автобизнес қауымдастығының хабарлауынша, осы жылдың екінші тоқсанында бүкіл көлік нарығында өсу үрдісі байқалған. 2017 жылдың ІІ тоқсанында барлық автокөлік өндіруші компаниялардың жиынтық көрсеткіші қаңтар-наурызға қарағанда 1,6 есе артық.  2017 жылы көлік шығару «СарыарқаАвтоПром» компаниясында — 284 пайызға,  «Hyundai Транс авто» компаниясында  — 88 пайызға, «КАМАЗ-Инжиниринг» компаниясында  — 86 пайызға, «СемАЗ» компаниясында — 80 пайызға, «AзияАвто» — 16 пайызға өскен.