Қазақстанда медицина ұйымдарын аккредиттеу басталды

Фото: deita.ru

Астана. 2 қараша. 7kun.kz – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығымен медицина ұйымдарын аккредиттеу басталды. 180 медицина ұйымы өз еркімен қатысуға өтініш берген.

Республиканың барлық облыстарында медицина ұйымдарын бағалаумен 34 эксперттік топ айналысады. Олардың құрамына арнайы дайындықтан өткен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Республикалық денсаулық қорғау даму орталығының  мамандары қатысады.

Кешендік бағалау барлық бағыт бойынша іске асырылады. Ұйымдар материалды-техникалық параметрлері, қауіпсіздік және қызмет көрсету сапасы бойынша бағаланады. Бағалаудан кейін үш түрлі категорияға байланысты аккредиттеу нәтижесі  шығады. Аккредиттеудің жарамдылық мерзімі – 3 жыл. Тексеруден өткен ұйымдарға мемлекеттік тапсырысты үлестіру кезінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін оңай алуға мүмкіндік береді.  Одан бөлек, науқастар да медициналық ұйымды осы факторларға қарап таңдауына болады.

Аккредиттеудің ұлттық стандарты халықаралық нормаларға сай жасалынған. Еске сала кетейік, 2015 жылғы аккредиттеуге 142 ұйым қатысқан. Аккредиттеуден барлық ұйымның 84-і – бірінші, алтауы жоғары категория бойынша өтті. Тоғыз ұйым бұл тексерістен өте алмаған.

Толғанай АЙТКЕНОВА, «7»