Қазақстанда мобильді байланыс қашан пайда болды?

1019
tengrinews.kz

Соңғы уақытта Қазақстандағы байланыс операторларының ұсынатын қызметтері ай сайын өзгереді деуге болады. Тіпті бәсекелестіктің әсерінен бір біріне ұқсас қызметтерді ұсынып, қолданушылардың көңілінен шығуға тырысады. Ал ең алғаш Қазақстанда қандай операторлар жұмыс істеді? Операторлар қандай қызмет ұсынды және қызметі қазіргідей көп болды ма? 7kun.kz шолып шықты. 

Мобильді байланыстар тарихы

Қазақстандағы мобильді байланыстың даму тарихын 1994 жылдан бастауға болады. profit.kz сайтының ақпаратына сәйкес, дәл осы уақытта «Алтел» ұлттық байланыс операторы пайда болған. Компания AMPS стандарты қызметін ұсынды, Бұл қызмет ол кезде әлемнің 70 елінде қолданыста болған. Бұдан кейін 1998 жылы пайда болған операторлардың бірі «Кар-Тел»  деп аталды.

Бір жылдан соң «Алтел» байланыс стандартының CDMA атты түріне өтті. Осы кезде компания клиенттерінің саны 15000-ға жетті, сондай-ақ тағы 10000 «Тұмар» деп аталатын карта желісінің арзан қызметін пайдаланды.

Ал 1999 жылы ұялы байланыс қызметін ұсыну құқығына «Толқын» корпорациясы (бұрынғы — «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС) ие болды. Ал ең қызықты фактілердің бірі GSM Kazakhstan компаниясының  Aсtiv и K’Cell деп аталатын сауда маркасының іске қосылуы.

Дегенмен кейбір операторлар телекоммуникация нарығына енді ене бастағанмен, кейбірі клиенттер үшін басқа да тиімді ұсыныстар жасай бастады. Мысалы «Кар-Тел» 25-тен кем емес абоненттік желіні бір топқа біріктіретін корпоративтік бағдарламаны іске қосты. Мұндай жағдайда олар міндетті абоненттік төлемді төлемейтін болды.

Байланыс нарығы 2003 жылдан бастап қарқынды дами бастады деуге болады. Осы жылы «Алтел» CDMA (Code Division Multiple Access) стандарты бойынша Dalacom мобильді байланысын іске қосты.

Осы уақытта «КаР-Тел» тариф құнын төмендетті. Осылайша ол ұялы байланыс оператрлары арасында ең арзан тарифті ұсынды.

2004 жылы «Алтел» CDMA стандартының үшінші даму кезеңімен PAThWORD деп аталатын жаңа брендті таныстырды. Сондай-ақ,  «КаР-Тел» ЖШС-ны K-Mobile и Excess сауда маркасымен ресейлік «ВымпелКом» ААҚ деп аталатын негізгі байланыс операторынан сатып алу келісімі аяқталды. Бұл операторлар бойынша ребрэндинг өтіп жатанда GSM Kazakhstan GRPS, MMS, WAP және мобильді Internet деп аталатын технологиялар негізінде жаңа қызметті ұсынды. K’Cell және Activ абоненттері үшін Алматы мен Астанада EDGE технологиясы іске қосылды.

2005 жылы мобилді байланысты қолданушылар саны бірден өскен. ҚР Статистика агенттігінің ақпаратына сәйкес, мобильді байланысты қолданушылар саны 1000 абоненттің 356,4-ін құрады. Қолданушылар санының бұлай тез өсуіне бірнеше фактор әсер етті:

— Beeline бренді Қазақстанның ұялы байланыс нарығына кірді;
— Beeline, K-Mobile, Excess и Dalacom, PAThWORD желісінің абоненттері үшін SMS-хабарламаларды алмасу жүйесі ашылды;
—GSM Kazakhstan компаниясы мобильді видео (Mobile Video Streaming) технологиясының шығарығаны туралы хабарлады. Бұл технология Қазақстанда коммерциялық қолдану ретінде ұсынылды және К’Cell және Activ сауда маркасын қолданушылар үшін қолжетімді болды.
— «Нұрсәт» компаниясы EXCORD деген сауда маркасымен абоненттерге қалалық мобильді нөмірлерді ұсынады.

2006 жылы «Алтел» алғаш рет қоңырауды мелодияға немесе дыбысқа өзгертіге болатын қызметті ұсынды. Ал «GSM Қазақстан» ЖШС мен «Кар-Тел» ЖШС желілерді өзара қосу туралы келісім жасады. Аталған келісім GSM-операторлар арасында өзара SMS хабарламаларын алмасу және қызметтерді ұсынуды сынды мүмкіндіктерді қарастырды.

Сондай-ақ, GSM Қзақстан K’Cell және Activ абоненттерін Қазақстан бойынша «300» DEF-кодының қызметі тоқтатылғанын, оның 701, 702 DEF-кодына өзгергендігі турлы хабардар етті.

Ал 2007 жылғы ең маңызды жаңалықтардың бірі жаңа байланыс операторының пайда болуы болды. Осы жылдың ақпан айының ортасында GSM стандарты бойынша Mobile Telecom Service атты жаңа оператор(«Қазақтелеком» АҚ құрылымы) NeoTelecom деген сауда маркасымен нарыққа шықты.

Осы уақытта Beeline және K-Mobile сауда маркаларын ұсынатын «КаР-Тел» компаниясы 777 деп аталатын жаңа DEF-кодтың іске қосылғанын мәлімдеді.

«GSM Қазақстан» сөйлейтін-SMS және түрлі-түсті SMS секілді қызмет түрлерін қосты. Мұндай хабарламалардың құны 15 теңгені құрады.

Байланыс операторлары қазақ тілінде  SMS-хабарламаларды алмасу мүмкіндігін ұсынады. Мұндай қызметті ұсыну «Тіл туралы» заңға өзгертулер енгізілгеннен кейін мүмкін болды.

2009 жылдары ұялы байланыс операторлары жаңа қызметті ұсына бастады. Neo сауда маркасы осы жылдың мамыр айында абоненттер үшін желі ішінде MMS-хабарламаны тегін алмасу мүмкіндігін ұсынды. ҚЫзметке қосылу құны да тегін болды.

3G мен 4G қалай іске қосылды?

2010 жылдың қараша айында «Кар-Тел» ЖШС ұялы байланыс операторы Астана және Алматы қалаларында үшінші буындағы байланыс желісінің (3G) іске қосылғандығын хабарлады. 

«Билайн» атауымен белгілі байланыс операторы Астана мен Алматы қалаларында орналасқан 3G базалық стансысын сынақ режімінен өткізді. Желі коммерциялық тұрғыда толығымен 1 желтоқсаннан бастап пайдалануға берілді.

3G байланысы арқылы жылдамдығы жоғары интернетке қол жеткізіліп,  video-on-demand (VOD)  секілді жаңа қызмет түрлерін пайдалану мүмкіндігі болды.  3G-дің    мәліметтерді  жеткізу  жылдамдығы  өте жоғары  144 кбит/секундтан 7 Мбит/секундқа  дейін жетеді. Компания аталған жобаның бастапқы кезеңінде 20 млн теңге жұмсаған.

Ал 2012 жылдың желтоқсанында Қазақстанда  LTE (ағылш. Long Term Evolution) жоғары жылдамдықты төртінші буын желісі іске қосылды.

Желі туралы Қазақстан Республикасының сол кездегі Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев таныстырды.  «LTE  технологиясы тек қана ТМД елдері үшін ғана жаңа емес, барлық әлемде  ол жоғары қарқынды дамып келеді.  Қазақстанда оның пайда болуы  интерактивті  сервистерді дамыту үшін және жоғары жылдамдықта  мобильді желілерде  деректерді тарату  мүмкіндігі  пайда болуына байланысты экономиканың  барлық саласында  жаңа технологияларды  енгізуге түрткі болады», — деп атап көрсетті министр.

2012 жылғы  желтоқсан айының басында  әлемнің 51 елінде LTE   113 коммерциялық  желісі  бар болған.  Жиілік  диапазоны 1800 МГц LTE  желілерін  орналастыру үшін  ең танымалы болып табылады.