Қазақстанда полиэтилен пакеттерін тегін беруге тыйым салынады

тыйым
Фото: p-flex.ru

Алматы. 27 желтоқсан. 7kun.kz –  2018 жылы Энергетика министрлігі қолданыстағы заңнамаға полиэтилен пакеттерін тегін сатуға тыйым салу өзгерістерін енгізеді.

Экологиялық іс-шара шеңберінде халық арасында полиэтилен пакеттерінің теріс әсер етуі және сауда желілерінде эко-пакеттерді енгізу жөнінде ауқымды үгіт жүргізу шаралары жоспарланады.

Жыл сайын тасталатын полиэтилен қапшықтары экожүйелердің тұрақты ластануын тудырады. Полиэтилен қаптарын жағу және бөлшектеу кезінде қауіпті химиялық қосылыстар пайда болады. Орташа алғанда полиэтилен қапшықтары 20 минут бойы пайдаланылады, ал олардың ыдырау кезеңі 100-ден 500 жылға дейін созылады. Бұл мәселені шешуде эко-пакеттерді (қағаз қапшықтарды, биологиялық разрядталатын қаптарды, матадан жасалған қайта пайдалануға болатын қаптар) пайдалану қажет. Қағаз сөмкелерінің ыдырау кезеңі — 1-2 ай, өсімдік шикізатынан биологиялық разрядталатын пакеттердің ыдырау уақыты — 3 айдан 2 жылға дейін жүреді.

Қазіргі уақытта 40-тан астам шет ел (Еуропалық Одақ елдері, Австралия, Сингапур, Бангладеш және т.б.) полиэтилен пакеттерін қолдануды қысқартты немесе мүлдем пайдалануға тыйым салды.