Қазақстанда «Құртафелло» бренді пайда болды

610
бренд

Қазақстанда Құртафелло тауар белгісі тіркелді. Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкері Айнаш Убайдуллаева құрттың саудасына осылайша назар аудартуды жөн көрген екен.

«Қымызбен айналыстым, клиенттерті тарту үшін Интернетте бір қызық іздедім, себебі Шымкентте бәсеке көп, қымыз көп, жаңа бірдеңе ойлап тапқым келді. «Құртафаелло» деген атауды көрдім, маған бұл идея бірден ұнап қалды. «Құртафелло» деп сәл өзгерткім келді. Бізде ең дәмді құрт бар, оны ауылдан жеткіземіз. Бренд жасағым келді, адамдарды құртқа қызықтырғым келді», — деді кәсіпкер. Орташа алғанда бір қап құрт 250 теңге тұрады.

А.Убайдуллаева графикалық дизайнмен айналысады, сондықтан жаңа өнімнің логотипін жасау қиындық туғызбады.

Кәсіпкердің айтуынша, Raffaello бренді тарапынан шағым күтудің қажеті жоқ. Авторлық құқық жөнінде ол Астанадағы мамандармен кеңесіпті, кейін ол «Құртафелло» тауар белгісін тіркеді.

Ақпарат көзі: Tengrinews.kz