Қазақстанда тұрғын үй бағасы одан әрі арзандап жатыр

Қазақстанда тұрғын үй бағасы одан әрі арзандап жатыр
Көрнекі сурет azh.kz сайтынан алынды.

Алматы. 8  маусым. 7kun.kz — 2017 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,4%-ға, абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату – 0,2%-дан төмендеді, деп хабарлады ҚР ҰЭМ.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен айдағы деңгейде қалды.

Ал Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, жаңа үйлерге деген сұраныс ең төмен аймақ Павлодар қаласы (-14,4%) болды.

Сонымен бірге ең қымбат жаңа үйлерді Алматыдан (шаршы метріне 333,2 мың теңге), Атырау (шаршы метріне 326,3 мың теңге) мен Астанада (шаршы метріне 318,6 мың теңге) кездестіре аласыз. Ал ең арзан жаңа үйлерТалдықорған мен Жезқазғанда (шаршы метріне 90 мың теңге). Дегенмен өткенжылдың діл осы мерзіміндегі бағамен салыстырғанда көрсеткіш 1,4 пайызға төмендеген.

Ал пәтерді жалға алу бағасына келсек, Астанада шаршы метріне 2 358 тенге, Алматыда — 2 267 теңге, Ақтауда — 2016 теңге, Таразда — 895 теңге.