Қазақстанда тағы бір мұнай өңдеу зауыты салынады

зауыты
Фото: old.aikyn.kz

Алматы. 3 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстанға төртінші мұнай өңдеу зауыты қажет. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар» агенттігі.

Бозымбаевтың айтуынша, бұл мәселені зерттеу үшін аранайы жұмыс тобы құрылды. 2019 жылы жаңа зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау жоспарланып отыр. Оның айтуынша, 2019 жылдан бастап жобаны қаржыландыруға және құрылысты бастауға инвестор тарту қажет.

Қазақстан төртінші мұнайды қайта өңдеу зауытына мұқтаж. Бұл менің ойымша. Біз қазір бұл мәселені көтеріп отырмыз. Өйткені зауыттың құрылысы бір жылды қажет етпейді. Жанар-жағар майға сұраныс артып келеді. Біздің болжамымызға сәйкес, шамамен 2022 жылдарға қарай мұнай өнімдеріне сұраныс артып, сол уақытқа дейін төртінші зауыт салынып бітуі тиіс. Қазіргі уақытта сұранысты қанағаттандырып келе жатқан үш қуат жеткіліксіз», — деп ол өз ұстанымын түсіндірді.