Қазақстанда тек шағын бизнес кәсіпорындары ғана көбейеді

легпрома
Фото:Kapital.kz

Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz — 2016 жылы еліміздегі жаңа кәсіпорындар саны 4,5 мыңға немесе 16 пайызға дейін өсті. Бұл 2013 жылдан бергі ең жоғары өсім, сол кезде республикадағы стартаптар 5,8 мыңға өскен еді деп жазады Finprom сараптамалық агенттігі. 

2015 жылдың қорытындысы бойынша, жұмысын тоқтатқан немесе жойылу процессіндегі кәсіпорындар 14 мыңға немесе 23%-ға көбейген. Бұған 2 жыл бұрынғы теңге курсының еркін айналымға көшуі, импорт бағасының күрт өсуі және елдегі өмір сүру деңгейінің төмендеуі әсер еткен.

2016 жылы да белсенді емес кәсіпорындар санының өсуі жалғасты, бірақ аздап баяу. Елде ашылған жаңа кәсіпорындардың барлығы шағын бизнеске тиесілі, бір жыл ішінде олардың саны 4,7 мыңға артқан. Ал бизнестегі ірі кәсіпорындар саны артқан жоқ. Бір жылда орта кәсіпорындар саны 86-ға, ал ірі кәсіпорындар саны 16-ға азайды.

Сарапшылардың сөзінше, әдетте, сауда және қызмет көрсету сферасындағы қатысушылар саны белсенді түрде көбейеді. Қызмет көрсету секторы 1,3 мың жаңа кәсіпорынмен, көтерме және бөлшек саудадағы кәсіпорындар саны 4,5 мыңға артқан. Ауыл шаруашылық саласындағы жаңа обьектілер 1 мыңға ұлғайды.

Айта кету керек, өткен жылдың қорытындысы бойынша интеллектуалды қызмет саласындағы кәсіпорындар біршама өсіп, бір жыл ішінде 922 жаңа обьектімен толықты.