Қазақстанда телекоммуникациялық қызметтер нарығының көлемі 619 млрд теңгеден асады

Фото: inform.kz

Қазақстанда телекоммуникациялық қызметтер нарығының көлемі 619 млрд теңгеден асады. Мұндай статистиканы ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев «Қазақтелеком: инновациялар стратегиясы» форумы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Министр 21 ғасырдағы елдердің бәсекеге қабілеттілігі  технологиялық прогресс деңгейіне байланысты екенінін және «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жылдарында осы бағытта елеулі жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өтті.

«Халық мобильдік байланыспен, кең жолақты интернетке қолжетімділікпен, сандық эфирлік хабар таратумен  кеңінен қамтамасыз етілді. Бүгінде телекоммуникациялық қызметтер  нарығы экономиканың басқа салаларына қарағанда маңызды секторлардың бірі болып табылады. Оның көлемі 619 млрд теңгеден асты», — деді министр.

Сондай-ақ, ол форум барысында Қазақтелеком ірі отандық байланыс операторы ретінде қолжетімділік деңгейіне және жаңа байланыс қызметтерін енгізуге әсер еткенін айтты.