Қазақстандағы ірі жер иеленушілер

1036
жер
7kun.kz

Жер туралы даудан кейін халық арасында оған иелік ететіндер туралы «түрлі пікір» пайда бола бастады. Тіпті, Мәжіліс депутаты Сергей Кулагиннің меншігінде 80 мың гектар жері бар екені «айтылды». Осыған байланысты korrespondent.kz сайты еліміздегі ірі жер иеленушілер кім екенін анықтап көрген. 

Сайттың ақпаратынша, ең ірі жер көлемі «Иволга-Холдинг» компаниясының иесі Василий Розиновқа тиесілі. Оның иелігінде 1,5 млн гектар жер бар. Ал «Әліби-Холдинг» құрылтайшысы Нұрлан Тлеубаевтың қарамағындағы жердің аумағы 1 миллион гектардан асады. Бұл компания 44 фермермен жұмыс істеп отыр. «Әліби» ЖШС деп аталатын еншілес ұйымына 213 мың гектар жер тиесілі болса, оның ішінде 25,7 мың гектары – жайылымдар.

Тағы бір ірі жер иеленуші – «Холдинг КазЭкспортАстык» АҚ қожайыны Руслан Молдабеков. Halyk Finance мәліметінше, оның 1 млн гектар жері бар. Оның 40%-ы – өзінікі болса, қалғаны – 23 ферма-серіктестеріне тиесілі. Ал Экс-депутат Ромин Мадинов үлескер болып табылатын «АгроЦентр Астана» ЖШС-да 27 ауыл шаруашылығы өндірушілері және 700 мың гектар жер бар. Оның 400 мың гектары – егістік.

«БATT» компаниясының құрылтайшысы Тимур Қуанышевтың еншілес «БATT-Агро» атты агрохолдингтің иелігінде де 300 мың егін алқабы бар.

Сондай-ақ, korrespondent.kz сайтының ақпаратынша, ZHERSU корпорациясының басшысы Бауыржан Оспанов 160 мың гектар жерді пайдаланады. Оның 130 мың гектардан астамы – жайылымдық жерлер.

Бір кездері кәсіпкер Павел Селивановтың «Масло-Дел» компаниясы да Солтүстік Қазақстан облысынан 145 мың гектар жерді сатып аламыз деп мәлімдеме жасаған. Бірақ оны сатып алған-алмағаны белгісіз. Жер қатынастарын түсіндіру үшін ашылған jerturaly.kz сайтында «KazBeef Ltd» компаниясының Ақмола облысында 155 мың гектар жері бар деген ақпарат жарияланған еді. Алайда ол мәлімет белгісіз себептермен алынып тасталған.

14964163_413899015664621_1498891866_oАл Құмар Мұқашевтің отбасылық компаниялар желісіне тиесілі Eurasia AgroHolding ЖШС қарамағындағы 170 мың гектар жерінің 40 мың гектары – жайылым. Eurasia AgroHolding 2020 жылға шейін жайылым алқаптарын 2 млн гектарға дейін ұлғайтуды көздеп отыр.

Басқа да жер иеленушілер туралы қысқаша: «Племзавод «Жеңіс» ЖШС (Қарағанды облысы)– 170 мың га, «Племзавод Қалбатау» (ШҚО) – 148 мың га, «АкТеп» (Ақтөбе облысы) – 140 мың га, «СП ТрансАвто» ЖШС – 97,1 мың га, «Астық индустриясы» ЖШС –100 мың га, «Аскоп» ЖШС – 79 мың га және тағы басқалар.

Басқа да жер иеленуші компаниялар туралы қысқаша: «Атамекен-Агро» АҚ — 290 мың га, «Агрофирма ТNК» — 190 мың га, «Племзавод «Жеңіс» ЖШС (Қарағанды облысы)– 170 мың га, «Племзавод Қалбатау» (ШҚО) – 148 мың га, «АкТеп» (Ақтөбе облысы) – 140 мың га, «СП ТрансАвто» ЖШС – 97,1 мың га, «Астық индустриясы» ЖШС –100 мың га, «Аскоп» ЖШС – 79 мың га.