Қазақстандағы көпір құрылысына кететін шығын көлемі 30% азаяды

518

Алматы. 10 қараша. 7kun.kz — Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек  «БЖК-2020», «Нұрлы Жол» және Алматы қаласының кәсіпорындарды қолдау Картасы бағдарламасының аясында құрылған қала кәсіпорындарын аралап шықты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алғашқы кәсіпорынның бірі «АЗМК» ЖШС компаниясың жетекшілігі темір-бетон бұйымдар мен конструкция дайындайтын жаңа жоғары технологиялық жабдықтарын таныстырды. Заманауи жабдықтың арқасында зауыт көпір құрылысына арналған бөренелерді 30% арзан өндіреді.

«Біз сапа сертификатын алдық, сонымен бірге, шет елдерден 60 тәуелсіз сарапшыны шақырып зерттеу жүргіздік. Олар біздің технология бюджетті 30% үнемдеуге жол ашады деген қорытынды жасады. Егер ресейліктер НК-120 күшінде жұмыс істесе, біздің жұмыс күші тек НК-180 құрайды», — деп атап өтті кәсіпорын жетекшісі Шухрад Шардинов. Сондай-ақ су жағаларын бекітетін материалдар, жиектемелер және арықтар өндіретін ең үздік 5 дамушы зауыттың қатарына кіреді.

«Субсидиялау бағдарламасы бойынша қала барлық қажетті қолдауды көрсетеді. Мұндай тиімді ұсыныстарыңызбен сіздер ескі үйлерді көшіру бағдарламаларына да қатыса аласыздар. Бұдан басқа, келесі жылға су жағаларын бекітетін құралдар мен жиектемелерді сатып алу жоспарланып отыр. 4 жаңа жолдың ашылуы сіздерге өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне жағдай жасады. Ал бұл сәйкесінше тапсырыс пен өндірістің дамуына септігін тигізеді», — деп өз пікірін білдірді қала әкімі Бауыржан Байбек.

Мемлекет қолдау көрсетіп отырған келесі компания — «Ескі тұрғын үйлер» мен «Нұрлы жер»  қалалық бағдарламалары аясында құрылған «Нурсапа бетон» кәсіпорны. 2010 жылы негізі қаланған зауыт құрылыс материалдарын өндірумен айналысады.

«Біз цемент және бетон шығаратын зауыт құрдық. Бұл бетон учаскесінің өнімділігі – сағатына 110 текше. Барлық класстағы бетонды өндіреміз. Ең жоғарғысы – 650, және де тұтынушының қалауына қарай 700-750 дейін жасай аламыз. Және де бетонға кез-келген құрамды таңдай аламыз», — дейді «Нурсапа бетон» ЖШС бас директоры Асан Шаймаханов.

Кәсіпорын бетонның 36-дан астам түрін, оның ішінде неғұрлым экологиялық және ауаөткізгіш материал керамзито-бетонды да жасайды. Мұндай материал 9 баллға дейінгі жер сілкінісіне төзімді болады.

Қазіргі таңда, кәсіпорындарды қолдау картасына құны 175,2 млрд теңге болатын 80 жоба кіреді. Осы жобаларды жүзеге асыру мерзімінде 11374 жұмыс орны құрылады. 2015 жылы осы сынды 7 жоба іске қосылды. Олардың жалпы құны 4,7 млрд. теңгені қамтыды және 269 жұмыс орны құрылды.

Мөлдір ИМАНМАДИ «7»