Ақтөбе және Оралдық кондитерлік фабриалар қазақстандық нарықтан кетті. Бұл туралы Қазақстандағы Кондитерлер ассоциациясының президенті Лариса Константиниди мәлімдеді деп жазады LS.
Қазақстанның кондитерлік фабрикалары импортты өнімдер тарапынан өсіп келе жатқан бәсекелестікті сезінеді. Л.Константинидидің сөзінше, нарықтағы ірі ойыншылардың түсімі өсуін тоқтатқан.
Л.Константинидидің мәліметінше, жалпы импорт үлесіндегі Ресейдің үлесі 72%-ды құрады. Өз кезегінде украиндық өнім үлесі өткен жылдан бері 18%-ға дейін азайды. Сондай-ақ, ассоциация басшысы нарықта Қытайдан, Германиядан, Бельгия және Түркиядан жеткізушілердің көбейе бастағандығын атап өтті. Алайда олардың тауарларының үлесі тек ондаған пайызға ие.
«Жағдай мәз емес, бірақ сала жұмысын жалғастырып жатыр. Біз үкімет тарапынан көмек болады деп сенеміз. Бізге қазақстандық тұтынушылардың отандық кондитерлік өнімнің ЕАЭО нарығындағы өнімнен сапалырақ екендігін түсінгені керек. Біз ресейлік және украиндық фабрикалармен салыстырғанда табиғи тауарларды пайдаланамыз», — деп атап өтті Л.Константиниди.
Оның сөзінше, импортты тауарда үлкен көлемдегі трансизомерлер және табиғи өнімдерді алмастырушылар болады. Сондай-ақ, қазақстандық кондитерлік тауарларды экспорттауға логистикаға кететін үлкен шығындар мен ұзақ тасымалдау уақыты кедергі болады.
Ұлттық экономика министрлігіндегі статистика комитетінің мәліметінше, шоколадты өнімнің ішкі өндірісі 2015 жылдың қаңтар-мамыр айларында өткен жылмен салыстырғанда 21,5%-ға азайған. Алайда ұн өнімдерінің өндіріс көлемі 8,9%-ға көбейді.