Қазақстандағы мұнай өндірісінің болашағы қандай?

Фото: eurasianet.org

Қазақстандағы мұнай өндірісі 2001 жылдан бері 2 есе ұлғайды, алдағы 15 жылда тағы 60%-ға көбеюі мүмкін. Өндіріске қатысты болжам оң болғанымен, ұлттық мұнай компанияларына әлі де қауіп бар, айтарлықтай табыс келмейді. Арнайы есебін жариялаған халықаралық Fitch рейтинг агенттігі осындай мәлімдеме жасады.

Fitch-тің бағалауынша, бүгінде Қазақстан мұнай өндірісі бойынша (2015 жылы тәулігіне 1,7 млн баррель) Катар және Норвегия (1,9 млн баррель) тәрізді мемлекеттермен бір орында, бірақ Нигерия (2,4 млн баррель), Бразилия (2,5 млн баррель) және Мексика (2,6 млн баррель) елдерінен кейін тұрады.

Қазақстандағы мұнай өндірісі 2001 жылдан бері екі есе өсті, алдағы 15 жылда тағы да 60%-ға ұлғайып, 2030 жылы 2,7 млн баррельге дейін жетуі мүмкін.

Еліміздегі көпшілік кен орындары, әсіресе «ҚазМұнайГаз» Өндіріс және Бақылау» компаниясына тиесілілер әлдеқашан өндірістің шыңына жетіп қойған, қазір оларға өндірісті ұлғайтудың орнына оны бір деңгейде сақтап қалу үшін үлкен инвестициялар мен жаңа технологиялар қажет.

Осыған дейін хабарланғандай Қашаған кен орнында қазанда коммерциялық өндіріс басталуы мүмкін. Бірақ агенттік есебінде жазылғандай, бұл жоба іске қосылғаннан кейін де қомақты қаржы келеді деп күтудің қажет жоқ. Қашағаннан түсетін дивиденттер бірінші кезекте ұлттық компанияның төлемі үшін жіберіледі. Ұлттық компания Сотүстік Каспий консорциумындағы үлесін сатып алу үшін 1,8 млрд доллар жұмсаған еді.