Қазақстандағы проблемалы кредит саны артты

437
Фото:kapital.kz

2016 жылдың сәуірінде банкке қарыз кредит көлемі өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда 31,1 пайызға төмендеді. Жеке тұлғалардың проблемалы кредит үлесі 42,8 пайызға дейін көбейсе, корпоративті қарыз 2 есе азайған деп хабарлайды Ranking.kz. 

Басылымның жазуынша, осы жылдың сәуірінде борышы өтелмеген кредиттер көлемі Қазақстандағы бүкіл кредит портфеліне қатысты есептегенде 12,1%-дан 6,6%-ға дейін төмендеген. Құрылыс саласындағы борыш бір жыл ішінде 170,8 млрд теңгеге дейін арзандады.

Қарызды өтеу белсенділігі бойынша екінші орында — сауда саласы. Борыш көлемінің азаюы 115 млрд теңгені құрады. Өнеркәсіптік емес сала кәсіпорындары банк алдындағы қарыздарын бір жыл ішінде 92,6 млрд теңгеге дейін қысқартқан.

2016 жылдың сәуірінде екінші деңгейлі банктердің жалпы кредиттік портфеліндегі проблемалы қарыз үлесі 8,2 пайызды құрады. «Қазкоммерцбанк» бір жыл ішінде кредиттер үлесін 38,5 пайызға азайтты. «АТФБанк» проблемалы кредиттерінің 57,6 пайызынан құтылды. Борышы өтелмеген несиелері 9,1%-ға артқанына қарамастан Халық банкі олардың жалпы портфелдегі үлесін 0,8 пайыздық пунктіге дейін төмендетті.