Республикалық маңызы бар жолдардың үштен бір бөлігі 2022 жылға дейін ақылы болады

509
Республикалық маңызы бар жолдардың үштен бір бөлігі ақылы болады

Қазақстандағы республикалық маңызы бар жолдардың үштен бір бөлігі 2022 жылға дейін ақылы болады деп жоспарланып отыр.

«Мемлекеттік 2022 жылға дейінгі транспортты инфрақұрылымды дамыту жоспарында республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын 7 мың шақырымға дейін ұзарту жоспарланған. Бұл шамамен республикалық маңызы бар 23 мың шақырым жолдың үштен бір бөлігі, негізгісі ақылы болуына байланысты өзінің шығынын ақтауға тиісті  Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Астана-Павлодар және басқа да жүк тасымалдану тарифі жоғары жолдар болмақ»,- деп хабарлады Инвестиция және даму вице-министрі  Жеңіс Қасымбек Астанадағы аймақты даму және экономикалық реформа бойынша  отырыста.

Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылдың бірінші жартысында Шымкент-Благовещенск, Шымкент-Қызылорда трассаларындағы бірінші техникалық категориялы барлық көлік үшін ақы төлеу жүйесіне арналған құжатты жобаны дайындау жүреді.

«Сондай-ақ министрлік  республикалық жүйедегі  жолдарды ақылы ету жүйесін енгізу үшін инвесторлар тарту мәселесі қарап жатыр. Жекелей алғанда  бүгінде жүк көтеру күші 12 тоннаға дейін жететін транспорттар  жүретін, екінші техникалық категориядағы автомобиль жолдарына ашық жолмен ақы төлеу жүйесін енгізу қарастырылып отыр»,- деді Ж. Қасымбек.

Ол  автомобиль жолдарына енгізілетін ақылы жүйе «бірінші санаттағы автомобиль жолдарын қамтамасыз етуге кететін қаржыны қысқарту мақсатында» қолданылып отырғандығын атап өтті.

«2013 жылы  Астана-Шортанды автомобиль жолындағы  211  шақырымдық   аймақтағы  пайдаланымға жіберілген  ақылы жүйе   2014  жылы өзінің шығынын  86  пайызға дейін ақтады. 1 млрд 65 млн теңге көлемінде қаржы жиналды, республикалық бюджет  бұл жолды 179 млн теңге көлемінде қайта қаржыландырды. Осы арқылы 2015 жылы бұл жолды бюджетсіз қамтамасыз ете аламыз деп есептейміз»- деді вице-министр.