Алматы. 30 наурыз. 7kun.kz — Қазақстандағы жоғары оқу орындарының саны екі жыл қатарынан өсіп келеді деп жазды ranking.kz.
2017-2018 оқу жылындағы студенттердің саны 496,2 мыңға жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға көп. 496,2 мың студенттің 28,4 пайызы мемлекеттік грантпен оқып жатыр. Ал 71,1 пайызы ақылы бөлімде.
Ақылы бөлімде оқитын студенттер «Қаржы орталығы» АҚ арқылы білім беру кредитін ала алады.