Қазақстандық байланыс операторы шағын несие бере бастады

2570
Beeline
Фото: kursiv.kz

Астана. 29 тамыз. 7kun.kz — Beeline Қазақстан операторы Кредит24-пен бірге абоненттерге онлайн режимінде шағын несие беруді бастады. Бұл туралы оператордың баспасөз қызметі хабарлады.

Шағын несие беру қызметі бойынша loan.beeline.kz сайтында Beeline абоненттері арнайы шарттармен несие алуға онлайн өтініш бере алады. Қызмет жеке тұлғаларға арналған, онда кеңсеге келмей-ақ, жеке банктік картаңызға шұғыл және қолайлы шағын несие алуға болады. Несие 5 000 теңгеден 80 000 теңгеге дейін 30 күнге беріледі.

«Қазақстанда алғаш рет ұялы байланыс операторының абоненттері интернет арқылы шағын несие ала алады. Енді Beeline клиенттеріне аздаған сома алу үшін жолға уақыт жоғалтудың, кезек күтіп тұрудың және құжат рәсімдеудің қажеті жоқ. Онлайн өтініш берсе, жарты сағаттың ішінде жауап алады. Өз кезегінде серіктесіміз – Кредит24 барлық келісім шарттар мен клиенттер туралы деректердің сенімділігіне, құпиялылығына және қауіпсіздігіне кепілдік береді», — дейді Beeline Қазақстан компаниясы Мобильді қаржылық қызметтер бөлімінің басшысы Тимур Шәлекенов.

Арнайы шарттар мен науқан негізінде, Beeline клиенттері 15 000 теңгеге дейінгі бірінші қарызды толықтай пайызсыз және комиссиясыз, ал екіншісін және одан кейінгілерін 70% жеңілдікпен ала алады.