Қазақстандық банктердің активтері 7,5% өсті

Tengrinews.kz

Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz — Қазақстандағы банк активтерінің жиынтығы 2017 жылдың 1 қаңтарында 25 трлн 561,2 млрд теңгені құрап, 2016 жылға қарағанда 7,5 пайызға көбейді, деп хабарлайды Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.

Екінші деңгейлі банктердің жалпы міндеттемелері есептік мерзімде 22 трлн 716,3 млрд теңгеге теңескен.

«Екінші деңгейлі банктердің қарыздарының үлесі ұлттық валютада 50,8%, шетелдің валютада – 49.2%. Қарыздың 76 пайызы – банк клиенттерінің жинағы», — делінген хабарламада.

Банк секторының қарыз портфелі 2017 жылдың 1 қаңтарында 15 трлн 510,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға кем.

Баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, мерзімі өткен займдардың үлесі банктің қорытынды қарыз портфелінің 6,7 пайызын құраған. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 8% болған.

2017 жылдың 1 қаңтарда  Қазақстан Республикасының банк секторында 34 банк тіркелген.