Қазақстан кәсіпкерлердің рубль құнсыздануын Мәскеуде талқыланады

782
Қазақстан кәсіпкерлердің рубль құнсыздануын Мәскеуде талқыланады

Ақпанның басында Мәскеуде өтеді деп жоспарланған Еуразиялық үкіметаралық кеңесте ресей валютасының құнсыздануынан зардап шеккен қазақстандық өндірушілердің мәселесі қаралады.

«Көрші ел валютасының девальвацияға ұшырауына байланысты баға реттеуге байланысты сұрақтар бар және  бұл жерде бәсекелестік күресте  жеңіліп қалмау үшін қолдан келгеннің барлығын  жасау қажет»,- деді вице-премьер Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысына барған сапарында.

Премьер-министр орынбасарының сапары кезінде қала билігі  кәсіпкерлерді қолдау үшін импортталған тауарларға уақытша тыйым салуды немесе шектеуді ұсынды.

«Ресейлік бәсекелестер тұтынушыларымызға кабельді-желілі өнімдерді, түйіршіктелген полипропилен, каустикалық сода, рубероид, құрыш шар және құбырлар, арматура, қағаз және гофр өнімдерін біздің бағаларымызға қарағанда 30-60%  төмен ұсынады, нәтижесінде отандық жеткізушілерге кедергі туады»,- деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов.  Оның айтуынша  импортты тауарларды шектеу үшін қосымша техникалық, экологиялық  талаптар қою керек.