Қазақстандық кептірілген жемісті Ресейге кіргізбей тастады

548
Қазақстандық кептірілген жемісті Ресейге кіргізбей тастады

Новосибирск облысына қарасты Ресей ауыл шаруашылығын бақылау басқармасы тексерушілері Қырғызстаннан ақбас қырыққабат пен сәбізді, Қазақстаннан жалпы салмағы 48 тонна болатын кепкен жемістерді кіргізуге тыйым салды.

Жоғарыда айтылған тыйым салынған жоғары фитосанитарлық тәуекелді өнімдерге сай фитосанитарлық сертификаттар жоқ. Яғни, өнімдердің қауіпсіз екендігін дәлелдейтін құжат жоқ. Дәл осы себеппен 500 мәдени жеміс көшеттері мен 8 мың Қазақстандық раушан көшеттерін кіргізуге тыйым салынып отыр.

Халықаралық тыйым салынған заңнама талаптарына сәйкес, өнімдерді Ресей Федерациясына тауар тасымалдауға тыйым салынған. Барлық жүк жіберушілерге қайтарылды.