Қазақстандық мұнай-химия зауыты Қытай банкінен 2 млрд доллар алады

388
Фото:m-astana.kz

Гуанчжоу, 5 тамыз. -7kun.kz Қазақстандық  «KazakhstanPetrochemical»  ЖШС мұнай-химиялы компаниясы Қытайдың Мемлекеттік банкімен 2 млрд долларға келісім-шартқа қол қойды. Бұл туралы  премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Қытайда өткен дөңгелек үстел кезінде белгілі болды. 

Осыдан бөлек Қазақстан аумағында жүзеге асырылатын басқа да инвестициялық жобалар талқыланды. Жалпы сомасы 20 млрд. АҚШ долларынан асатын 51 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Аталмыш бағдарлама өндірістің өңдеу секторына жаңа технология трансферттеу, қазақстандық жұмыс орындарын құру мен ҚХР-на дайын өнім экспорттауға бағытталған.

4-5 қыркүйекте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Гуанчжоуда өткен G-20 саммитіне қатысты. Түркия, АҚШ президенттерімен, сондай-ақ Жапония, Канада және Ұлыбритания премьер-министрлерімен кездесу өткізді.