Қазақстанның қор биржасы журналистер арасында конкурс жариялады

679
Фото:Altaynews.kz

Алматы. 4 қараша. 7kun.kz — «Қазақстанның қор нарығы және отандық компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы байқау 2016 жылдың 1 қазаны мен 30 желтоқсаны аралығында жалғасады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Конкурс мақсаты – қазақстандық журналистерін қор нарығы туралы кеңірек ақпарат таратуға ынталандыру, осы арқылы халық арасындағы қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру.

Конкурсқа қазақстандық БАҚ-та жарияланған материалдар қабылданады. Жіберілген жұмыстарды комиссия төмендегідей номинация бойынша бағалайды:

  1. «Үздік телесюжет немесе үздік  телебағдарлама» (жүлде қоры 100 000 тг)
  2. «Баспасөз бетіндегі үздік материал» (жүлде қоры 100000 тг)

3.«Интернет-ресурстағы үздік материал» (жүлде қоры 100000 тг)

Материалдар очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық бағдарлама және басқа да жанрлар бойынша қабылданады. Жұмыстардың барлығы 2016 жылдың 1 қазаны мен 30 желтоқсаны аралығында жарияланған болуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінішіңізді және материалыңызды Алматы қаласы, Байзақов көшесі 280, «Almaty Towers», 050000 мекен-жайына немесе электронды түрде «БАҚ конкурсы» деген белгісімен pr@kase.kz адресіне жіберуге болады. Қазақ және орыс тілінде хабарланады.

Жұмыстарға қатысты барлық талаптар мен байқау шарттары туралы толығырақ мына жерден білуге болады. Конкурс нәтижесі 2017 жылдың қаңтар айында биржаның ресми-сайтында жарияланады.