Қазақстандық құс бағушылар өнімдерін өткізе алмай отыр

544
Қазақстандық құс бағушылар өнімдерін өткізе алмай отыр

Қазақстандық құс бағушылар  құс еті мен жұмыртқаны  өткізуге байланысты кедергілерге тап болуда деп хабарлайды Құс бағушылар одағы. Қазір отандық өндірушілердің қоймаларында сатылымға шықпаған 11 мың тонна ет пен  53 млн жұмыртқа бар.

Хабарламада жазылғандай,  Ресей валютасының құнсыздануына байланысты ел дүкендерінде  төмен бағадағы ресейлік құс өнімдері пайда бола бастаған. Көрші елдердегі  ірі өндірушілер қазақстандық кәсіпкерлерді өздерінің  нарықтарынан тықсырып шығармақ. Белоруссия, РФ және Украинадан импортталатын тауарлардың бағасы әлдеқайда төмен болуы алаңдатушылық туғызады дейді құс бағушылар.

Мысалы, Ресейден келетін құс етінің бағасы  2014 жылдың қарашасы мен 2015 жылдың қаңтары аралығында  келісіне  280  теңгеге, жұмыртқа бағасы  бір талына 14  теңгеге дейін түскен. Ал отандық өндірістегі құс еті келісіне 468 теңге,  жұмыртқа 14-15  теңге тұрады.

«Беларусия үкіметі  2014 жылдың  12-желтоқсанында  ел нарығындағы импортталған және отандық  тауарлар қатынасы 20% да 80% болу керек деген шешім шығарды. Егер Қазақстан үкіметі де осындай шектеу енгізсе, дүкен сөрелерінен отандық тауарларды  көбірек байқай алатын едік. Құс бағушылар қазір көлемді азайтуға мәжбүр, кейбірі тіпті де өндірісті тоқтатты», — дейді құс бағушылар одағының президенті Руслан Шарипов.