Қазақстандықтар арасында қандай автокөліктер сұранысқа ие?

Қазақстандықтар арасында қандай автокөліктер сұранысқа ие?

АЛМАТЫ. 16 мамыр. 7kun.kz — Қазақстанда 2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында ең көп сатылған Toyota автокөліктері. 4 айда жапондық марканың 2 290 данасы сатылған. Екінші орында Lada автокөлігі — 1,9 мың данасы сатылған. Үшінші орында 856 дана сатылған Renault тұр. Бұл туралы «ҚазАвтоПром» автокөлік саласы кәсіпорындарының Одағының есебінде айтылды.

Көбірек сатылған бестікке Ravon (774 дана) мен KIA (771 дана) кіреді.

Ал Hyundai 673, GAZ 611, UAZ 454, Nissan 403 және Volkswagen 375 данадан сатылған.

Жеке модельдер бойынша сұранысқа ие Toyota Camry (885 дана), Lada 4×4(605 дана) мен Ravon Nexia (576 дана).

4 айда Lada Largus (341), Toyota Land Cruiser 200 (319), Renault Sandero (305), Renault Duster(300), Volkswagen Polo (297), Hyundai Creta (292), Toyota Land Cruiser Prado(234), Toyota Corolla (185), Lexus LX (181), KIA Rio (173), Hyundai Tucson(172), Nissan X-Trail (151), Lada Kalina (140), UAZ Patriot (140) и Chevrolet Cruze(131 дана) сатылған.

Ең көп көлік сатқан дилер БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО холдингі. Компанияға сатылған автокөліктердің 30% тиеселі. КМК Astana Motors-тың үлесі 16,2%. Үшінші орындағы Виражға 8,9% тиеселі.

Өткен төрт айда көлікті көп сатып алған Алматы тұрғындары. Олар 2 770 автокөліктің иесі атанған.  Астана (2 149 дана),  Атырау (788 дана), Шымкент (682 дана), Қарағанды (663 дана), Қостанай (641 дана), Орал (479 дана), Өскемен (470 дана), Ақтау (467 дана) және Ақтөбе (406 дана).

Қазақстандықтар қаңтар-сәуір айлары аралығында жалпы құны 272,8  млн долларға 11 018  жаңа автокөлік сатып алған. Көлік саны бойынша сатылым 2016 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 23% аз. Ал сатып алған қаражат көлемі бойынша 2016 жылдағы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 18,9% жоғары.

Сатылған 7,7 мың автокөлік импорт, 3 247-і қазақстандық автозауыттардың өнімі.

Дінмұхаммед Алдаберген