Қазақстандықтар республикалық бюджетті жоспарлауға қатыса алады (Видео)

597
Фото: ztb.kz

Қазақстан үкіметі республикалық бюджетті толығымен қайта қарап шығады. Жаңа бюджетті кодекс жоспарланып жатыр. Осы жылы қазақстандықтардың елдің басты құжатына өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндіктері болады деп хабарлады қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. 

«Қазіргі уақытта бюджетті жоспарлауда аз қаржы арқылы үлкен тиімділік әкелетін жаңа тәсілдер қарастырылып жатыр. Бұл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік элементтері есебінен жасалады. Жеке жоба ретінде қызмет көрсету моделі ұсынылады. Қаржыландырудағы жаңа тәсілдер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында кәсіпкерлерге қаржы секторына ресурстарға үлкен қаржы салуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Сұлтанов.

Осы арқылы, оның сөзінше, бизнес үлкен тапсырыс алып, бюджетке түсетін шығын азаяды.