Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 4,4 есеге ұлғайды

660
Фото:total.kz

Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 4,4 есеге ұлғайып, 2015 жылдың нәтижесі бойынша 72 жасты құрады (1991 жылы бұл көрсеткіш 67,6 болатын). Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. 

Халықтың туу көрсеткіші 8,2%-ге өсті, ол 2015 жылдың нәтижесі бойынша 1000 тұрғынға шаққанда 22,72-ні құрады (1991 жылы — 21).

Ана мен сәби өлімі сәйкесінше 5,4 жән 3 есеге төмендеді (1991 жылы ана өлімі – 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 67,2-ден 2015 жылы 12,5-ге дейін, сәби өлімі – 1991 жылы 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 27,4-тен 2015 жылы 9,39-ға дейін).

Тәуелсіздік жылдарында жалпы өлім-жітім көрсеткіші 6%-ға төмендеді (1000 тұрғынға шаққанда 1991 жылы 8-ден 2015 жылы 7,52-ге дейін). Бұл көрсеткіш негізгі себептерден туындайтын өлім-жітімді азайту арқылы жүзеге асты: қан айналымы жүйесінен болатын өлім 1,9 есеге (1991 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 361-ден 2015 жылы 193,8-ге дейін), қатерлі ісік ауруларынан 33%-ға (1991 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 137,4-тен 2015 жылы 92-ге дейін), қайғылы оқиғалар салдарынан, жарақаттану мен уланудан 23,1%-ға (1991 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 107,3-тен 2015 жылы 82,5-ке дейін).

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылға дейін күтілетін өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайту — «Денсаулық» бағдарламасының мақсатты индикаторы деп есептеледі.