Қазақстандықтардың шығыны азайып, табысы артты

216
Қазақстандықтардың
Фото: tributaconsultores.com

Алматы. 17 шілде. 7kun.kz — Соңғы бес жылда қазақстандықтардың тұтынуышылығы 4 пайызға төмендеген. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

2012-2017 жылдар аралығында қазақстандықтардың табысы 36 пайызға артқан. Ал шығыны тек 30,5 пайызға өсім көрсетті. Тұтынушылық әлеуеті болса, 4 пайызға азайған.

Негізінен тұтынудың ең жоғары көрсеткіші 2017 жылдың төртінші тоқсанында, ал ең төменгісі — жаз мезгілінде байқалады. Дегенмен, 2016 жылдың соңына қарай сатып алу көрсеткіші 1 пайызға артты.

2017 жылдың І тоқсанында халықтың қаржылай кірісі 75,3 мың теңгені құрады. Яғни 2016 жылдың аталған мерзімімен саыстырғанда 7,5 пайызға өскен. Бұл кезеңдегі тұтынушылық тауарлар мен қызметтер бағасы 7,8 пайызға өскендіктен қазақстандықтардың табысы 0,3 пайызға азайды.

Айта кетейік, теңгені долларға шаққанда халықтың номиналды қаржылай кірісі бес жылда 40 пайызға қысқаған.

Тұтынушылар шығынының 45 пайызы азық-түліктік тауарларға жұмсалады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік бағасы 2017 жылдың басынан бері 5,1 пайызға қымбатаған. Ал 2016 жылдың маусымымен салыстырғанда өсім 9,7 пайызды құрады.