Қазақстаннан қай елдер мұнай сатып алады?

325
мұнай

2017 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстанның мұнай экспорты 10,5 млрд долларды құрады. Былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 43,9 пайызға өсім бар.

5 ай ішінде 27,2 млн тонна шикізат сатылған.

Ең ірі сатып алушы — Италия мемлекеті. 3,5 млрд долларға мұнай алған. Былтырғы жылдың аталған кезеңімен салыстырсақ, Италияға мұнай экспорты 51,7 пайызға көбейген.

Голландия мемлекеті 1,5 млрд, ал Франция 1,2 млрд долларға шикізат сатып алған.

Редактор