Қазақстанның қай облысы мемлекеттік бюджетке ең көп қаржы салады?

Алматы мемлекеттік бюджетке қаржы салудан алғашқы орынды көрсетті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

2015 жылдың 8 айында Алматы бюджетке 841 миллиардтан астам теңге аударды. Астанамыз 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, осының тең жартысын 436,89 млрд теңге салды. Ал Атырау облысы мемлекет қазынасына 262,8 млрд теңге құйған.

Ең аз қаржы бөлген Солтүстік Қазақстан облысы болды. Олар қазынаға 37,4 млрд теңге аударған. Бұдан біраз көп мөлшерде 41,8 млрд теңге  салық төлеген Жамбыл облысы болды.
8 ай ішінде бюджетке 2,8 трлн теңге түсті. Ең көп қаражат 500 млрд теңге тамыз айында түсіп, ең аз қаражат маусым айында бөлінді. Оның мөлшері 261,9 млрд теңге.

82b0dad1-таблица