Қазақстанның азық-түлігі шетелден келетін тауарлардан да қымбат

Фото: primeminister.kz

Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz — Теңге бағамының құбылмалы болуына байланысты тамақ өнеркәсібіндегі өндірушілер бағаны тұрақты ұстап тұра алмады. 2016 жылғы баға 2015 жылмен салыстырғанда әлдеқайда қымбат болған. Бұл туралы Finprom.kz сараптама агенттігі хабарлады.

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында азық-түлік өнімдерін дайындайтындар инфляцияны қоса есептегенде бағаны 17%-ға дейін арттырған. Айта кетейік, 2015 жылы бағаның өсу деңгейі 4,6%-ды құрады.

Қазақстан нарығында отандық кәсіпорында өндірілген тауарлардың бағасы 17,6%-ға өскен. Ал ТМД елдері үшін баға 7,4%-ға өссе, басқа елдерге экспорталатын отандық тауарлар 15,3%-ға қымбат болған.

Сарапшылардың сөзінше, отандық азық-түліктердің қымбаттауы өндіріс құралдарының қымбаттауына байланысты. 2016 жылы азық-түлік өндірісіне арналған шикізат өнімдері мен құрылғылар 33%-ға қымбаттап кеткен. 2015 жылы баға 6%-ға өскен еді.

Мысалы теңге курсының әліреуіне байланысты сырттан жеткізілетін техника құралдары 56,4%-ға қымбаттаған. ТМД елдерінен келетін өндіріс техникаларының бағасы 42,5%-ға өскен.

Ал жергілікті құрылылар мен шикізат өнімдерін жеткізушілер қазақстандық тамақ өндірісі үшін бағаны тұрақты ұстауға тырысты. Десекте 2016 жылы баға өсімі  21,7%-ды құрады.

Осылайша Қазақстанның азық-түлік нарығы өндіріс құралдарының қымбаттауына және тұтынушылық сұраныстың аз болуына қарамастан, өнімдерді шығару деңгейін төмендетпеуге тырысып отыр. 2016 жылы өндірушілер тауарларды шығару деңгейін 3,9%-ға арттырды.