Қазақстанның екі облысына газ өткізу үшін 53 млрд теңге инвестиция қажет болады

572
Қазақстанның екі облысына газ өткізу үшін 53 млрд теңге инвестиция қажет болады

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарының әкімдіктері көрсетілген аймақтарда газдандыру, газбен жабдықтау желілерін модернизациялау және қайта құру жөніндегі меморандум жасасты.

Құжатқа өндірістік үдерістерді тқрақтандыру шараларының аясында және аймақтардың тқрақты экономикалық өсімін қамтамассыз ету, әлеуметтік тұрақтылықты, үзіліссіз газбен жабдықтауды және газ құбырлары мен ондағы құрылыстардың тиісті күтілуін қолдауы мақсатында қол қойылды деп хабарланды бейсенбі күні «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі.

Меморандумға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Қайрат Шәріпбаев, Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов және Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев қол қойды.

Меморандумға сәйкес, 20130 жылға дейінгі республиканы газдандырудың бас сұлбасының аясында Ақтөбе облысында үш автоматтық газ таратушы жүйенің құрылысы, газ тарату жүйесінің модернизациясы, ауылішілік газ құбырларын жеке сектордың тұрғын үйлерінің телімдеріне дейін тартатын газ өткізу-бұрулардың құрылысы  қарастырылған. «ҚазТрансГаз» АҚ мен облыстық әкімдік инвестицияларының соммасы шамамен 20 млрд теңге (ағымдағы бағам — 184,75/$1).

Маңғыстау облысында үш автоматтық газ таратушы станцияның орнатылуымен Жаңаөзен қаласында жоғары қысымды газ құбырларын тартатын жаңа газ желілерінің, автоматтық газ таратушы станцияның орнатылуымен Шетпе станциясына дейін «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан газ өткізу-бұрулардың, сондай-ақ төмен қысымды ауыл ішілік газ құбырларының құрылысы жоспарланған. «ҚазТрансГаз» АҚ мен облыстық әкімдік инвестицияларының соммасы 33 млрд теңгеден асып түседі, мұның ішінде газ тарату жүйесінің модернизациясына 20 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.

«ҚазТрансГаз» АҚ берілген жобаларды ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарлама арқылы іске асыруды жоспарлап отыр.

«ҚазТрансГаз» газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор, «ҚазМұнайГаз» құрылымына кіреді.