Қазақстанның мемлекеттік қарызы 8 есе өскен

Фото: kapital.kz

Астана. 16 қыркүйек. 7kun.kz — 2008 жылы Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2,2 млрд долларды құраған. Қазір бұл көрсеткіш 32 млрд теңгеден асып отыр. Осылайша соңғы төрт жылда қарыз 8 есеге өскен. Тіпті бұл медицина және білім саласына бөлінетін республикалық бюджет шығындарынан да көп. Бұл туралы Парламент мәжілісінде депутат Аманжан Жамалов мәлімдеді.

«Мемлекеттік қарыздың бірден артып кетуі бюджетке қысым көрсетеді. Әсіресе бұл Ұлтық қор қаржысына айтарлықтай қауіп төндіреді. Мысалы Ұлттық банк мұнай бағасы 35-30-25-20 доллар болған жағдайдағы экономиканы дамыту туралы сценарийді дайындады. Ал осыны ескеретін болсақ және доллар 360 теңгені құраса қор қаржысы бар болғаны бес жылға жетеді», — деді ол.

Қазіргі кезде мемлекеттік және мемлекет тікелей кепіл болатын қарыз 32  миллиард доллардан асады. Бұл соманы ұлттық валютаға айналдырғанда 11 триллион теңге. Оның үстіне алдағы үш жылда бюджетке табыс тек теңгемен түседі деп жоспарлануда. Ал Үкімет халықаралық банктерден алған қарызды доллармен қайтаруы керек.

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбев болса қарыз көлемінің үлесі 90-100%-ға дейін өспейтінін айтады.

«Қазір шынымен қарыз деңгейі өскен, бірақ бұл мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға кеткен шығын мен кірістің төмендеуі есебінен артып отыр. Қазіргі кезде ЖІӨ-ге қатысты үкімет қарызы 21% болса, мемлекеттік қарыз 24%-ды құрайды», — деді ол.