Қазақстанның несие нарығында ресейлік банктердің үлесі ұлғайтып келеді

банктер
Фото: azernews.az

Алматы. 27 желтоқсан. 7kun.kz – Ресейлік банктер Қазақстанның несие нарығындағы үлесін ұлғайтып келеді. Елімізде несие көлемі азайғанымен ресейлік банктердің қазақстандық еншілес ұйымдары керісінше өсім көрсетті, деп хабарлайды Ranking.kz.

2017 жылдың қараша айының аяғында ҚР ЕДБ-нің қарыз қоржыны 13,7 трлн теңгені құрады. Бұл 2016 жылдың қараша айының соңына қарағанда 13 пайыз (2,0 трлн) болды. Бір ай ішінде ЕДБ несие көлемі 1,2 пайызға (163,8 млрд теңге) төмендеді.

Ресейлік төрт еншілес банктің ҚР нарығындағы жиынтық көлемі 25,4 пайызға (323,0 млрд теңге) 1,6 трлн теңгеге дейін өсті. Қараша айында өсім 2,1 пайызды (33,4 млрд теңге) құрады.

Қазақстанның ресейлік еншілес компанияларының жиынтық үлесі бір жыл ішінде 8,1 пайыздан 11,7 пайызға дейін өсті. Бір ай бұрын 11,3 пайыз болатын.

ҚР нарығындағы ең ірі ресейлік банк Сбербанк болып есептеледі. Бұл несие портфелінің көлемі бойынша ЕБД арасында 4-орында. 2017 жылдың қараша айының соңына қарай Сбербанк несие қоржынының көлемі 19,6 пайызға (186,2 млрд теңге) 1,1 трлн теңгеге дейін өсті. Бір айдағы өсім 3,2 пайыз (34,8 млрд теңге) болды.

Қазақстандағы ресейлік екінші ірі банк — Альфа-Банк. Несие портфелінің көлемі жыл ішінде 49,5 пайызға (65,5 млрд теңге) артып, 197,9 млрд теңгені құрады. Бұл орайда несие портфелінің сапасы нашарлады.

Қазақстандағы ресейлік банктер арасында несие портфелінің көлемінің ең көп өсуі Хоум Кредит банкінде байқалды. 62,3 пайызға (69,4 млрд теңге), дәлірек 180,8 млрд теңгеге дейін артты.

Сондай-ақ, ВТБ банкінің несие қоржыны жыл ішінде тек 2,5 пайызға (1,9 млрд теңге) 77,4 млрд теңгеге дейін өсті.