«ҚазАгро» егістік жұмыстарын қаржыландыруды бастады

Фото: otarka.kz

Астана. 6 ақпан. 7kun.kz — 2017 жылы көктемгі егіс және жинау жұмыстарына «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ арқылы республикалық бюджеттен 60 млрд теңге сомасында қысқа мерзімді қарыз берілді. Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бюджеттік қаражаттардан бөлек «ҚазАгро» ұлттық холдингі жылдың аграрлық шараларын басқа да қаржыландыру көздері есебінен қолдайды. Мысалы, 2016 жылы егістік және егін жинау науқанына Холдинг бюджеттік несиені есепке алып 114,9 млрд теңге, 2015 жылы  —  101,3 млрд теңге бағыттады.

Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер мемлекеттік қаржыландыруға қол жеткізу үшін алдымен  қаржы өткен жылдағы сияқты ауылшаруашылық кооперативтеріне берілетін болады.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін жоғарылату және отандық қайта өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін арттыру мақсатында дақылдардың басымдықтарын есепке ала отырып, қаржыландыру механизмі енгізіледі. Яғни Ауыл шаруашылығы министрлігі күнбағыс, рапс, зығыр, соя, арпа, қант қызылшасы, күріш, мақта, сұлы, картопсияқты дәнді дақылдар өсірентін шаруаларды бірінші қаржыландырады.

Көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуді несиелеу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
• «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдық желісі арқылы банк кепілдігін беру арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерін тікелей қаржыландыру;
• Кейіннен ауылшаруашылық кооперативтері мен ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерді қорландыру.
• Несие серіктестіктері, шағын қаржы ұйымдары және Өңірлік инвестициялық орталықтар арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру.

Бюджеттен тыс көздер есебінен қосымша көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауылшаруашылық техникасын сатып алуды қаржыландыруға «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы шамамен 35 млрд теңге бағыттау жоспарланады.