ЖаңалықтарТаңдаулы1

Қазатомпром Yellow Cake компаниясына уран жіберді

Алматы. 7 шілде. 7kun.kz – «Қазатомпром»  британдық Yellow Cake компаниясына жеткізілімнің бірінші партиясын (3 100 тоннадан астам) уран жіберді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«2018 жылдың 10 мамырында қол қойылған ұзақ мерзімді келісім шартқа сәйкес, Yellow CakePlc акцияларын алған «Қазатомпром» ҰАК» АҚ-на қойылған талаптар орындалады. Келісім міндеттеріне сәйкес, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ 3 100 тоннадан астам табиғи уранды экспорттады. Бұл көрсеткіш – компания өнімінің төрттен бірі, ал әлемдік уранның 5%-ын құрайды (UxC болжамына сәйкес)», деді компания.  

Аталған келісім шарт ұзақ мерзімге құралып, бір жылда 100 млн доллар әкеледі деп жоспарланып отыр.

Tags

Осы айдарда

Close