Азия даму банкі «Байқоңыр Солар» компаниясына 11,5 млн доллар қарыз берді

Азия
Фото: kursiv.kz

Алматы. 11 наурыз. 7kun.kz – Азия даму банкі күн электр станциясын салуға «Байқоңыр Солар» ЖШС-ға теңгелік эквивалентпен 11,5 млн доллар көлемінде қарыз берді, — деп хабарлайды банк.

Бұл келісімге 5 наурызда қол қойылған.

Бұл жоба қуаттылығы 50 мегаватт күн электр станциясын жобалауды, салуды, іске қосуды, пайдалануды және қызмет көрсетуді, сондай-ақ бірыңғай энергетикалық жүйеге қосу үшін қажетті инфрақұрылымды көздейді. Күн электр станциясы жылына 73 гигаватт-сағат электр энергиясын өндіретін болады.

Сондай-ақ ол шамамен 150 822 фотоэлектрлік панельден, 14 орталық инверторлы электрстанциядан және бір қосалқы станциядан тұрады деп жоспарлануда. Оңтүстік Қазақстанда салылатын бұл станцияның жер аумағы 150 гектарды құрайтын болады.