«ҚазКальцид» ЖШС Қостанай облысының Денисов ауданында құны 570 млн теңге уатқыш-сұрыптаушы және диірмен кешеніне ие микрокальцит өндіру зауытын салмақшы деп хабарлайды аудан әкімдігі.
«Қазіргі кезде барлық құжаттар дайын. Зауыт құрылысы басталады. Бұл жеке салынатын, дербес зауыт болады. 2015 жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға берілуі жоспарланған», — деп хабарлайды агенттікке сұхбат беруші.
Зауыт қуаты – жылына микрокальцидтің 30 мың тоннасы.