Қазком Ұлттық банктен 200 млрд теңге қарыз алды

Фото: Forbes.kz

Алматы. 17 наурыз. 7kun.kz — Қазкоммерцбанк Қазақстанның қор биржасына 2017 жылы 14 наурызда 200 млрд теңге қарыз алғаны туралы хабарлаған.

«Қарыздың меншік капиталына қатынасы 32,70% құрайды», — делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, 2016 жылдың қарашасында Рейтер Қазкомның Халық банкпен бірігу туралы келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған еді. Ол кездері Қазком өздері ешқандай ұсыныс жасамағанын және Халық банк тарапынан ешбір ұсыныс түспегенін айтқан.

2016 жылдың соңында Ұлттық банктің басқармасы жүйелік маңызы бар болғандықтан Қазкомге 400.8 млрд теңге көлемінде көмек беру туралышешім шығарған. Қаржы реттеуші «Қарыз банктің клиенттері алдындағы міндеттемелерін өтей алуы үшін қосымша өтімділігін арттыру үшін берілді» — деген еді.

Кейіннен Қазкомқарызының жартысын мерзімінен бұрын жапты.

Ал 2017 жылы 20 қаңтарда Қазком мен Кеңес Рақышев Халық банкпен алдын ала келіссөздер жасай бастағаны айтылды.